Щучинскіде өрттен екі адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 13:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Щучинскіде өрттен екі адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Фото: magnific.com

Ақмола облысының Щучинск қаласында болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйді қасақана өртеген. Өрт салдарынан үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 10 тәулікке қамалды.