Стенд ату: отандастарымыз Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Бүгін, 09:55
Думан Аманжол Думан Аманжол
Стенд ату: отандастарымыз Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров

Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша ХХ жазғы Азиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.

- Кувейт - 355 ұпай;
- Қатар - 349 ұпай;
- Қазақстан - 348 ұпай.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Еске салсақ, жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.