Меруерт Өтекешеваның 75 жас мерейтойына орай Астанада халықаралық театр фестивалі өтеді

28 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Меруерт Өтекешеваның 75 жас мерейтойына орай Астанада халықаралық театр фестивалі өтеді
Фото: Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театры

Астанада 1-7 қазан аралығында Қазақстанның Халық артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешеваның 75 жас мерейтойына арналған «ТЕАТР ALL» IV халықаралық театр фестивалі өтеді деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Музыкалық  жас көрермен театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальге Қазақстанның өңірлерімен қатар Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның театр ұжымдары қатысады. Биыл іс-шара төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің басты мақсаты – Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасын насихаттау, театр өнеріндегі сабақтастықты нығайту және отандық әрі шетелдік театр ұжымдары арасында кәсіби байланыс орнату.

Меруерт Өтекешеваның есімі қазақ кино тарихында «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесімен ерекше орын алады. Фестиваль аясында актрисаның 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш пен халықаралық ғылыми-практикалық конференция да ұйымдастырылады.

Фестиваль бағдарламасы:

1 қазан. 14:00 – С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық сазды драма театрының У.Шекспирдің «Макбет» трагедиясы. Режиссері – М.Хабибуллин.
Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры, Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

Осы күні фестиваль қатысушыларының қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі және салтанатты ашылуы өтеді.

18:00 – Музыкалық жас көрермен театрының Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі. Режиссері – А.Маемиров.
Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

2 қазан. 11:00 – Алматы қаласының Асанәлі Әшімов театрының Б.Жандарбековтің «Томирис» перформансы. Режиссері – Г.Адай.
Өтетін орны: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, В2.3.

15:00 – Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театрының Б.Брехттің «Той» трагикомедиясы. Режиссері – Д.Жұмабай.
Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры, И.Есенберлин көшесі, 10.

19:00 – Ақмола облыстық орыс драма театрының М.Әуезовтің «Выстрел на перевале Караш» музыкалық драмасы. Режиссері – Т.Кулов.
Өтетін орны: Музыкалық жас көрермен театры, Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

3 қазан. 11:00 – Астана қалалық циркінің «Contrasst» би театрының «Metamorphoses» заманауи балет-рефлексиясы. Режиссері – К.Жиренбаева.
Өтетін орны: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, В2.3.

15:00 – Әзербайжан Республикасының «М.Театр» тәуелсіз театрының «Бөгелек» драмасы. Э.Л.Войничтің «Овод» романының желісі бойынша. Режиссері – В.Гасанов.
Өтетін орны: Музыкалық жас көрермен театры, Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

19:00 – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Л.Толстой шығармасы негізіндегі «Анна Каренина. Роман парақтары» хорео-драмасы. Режиссері – Р.Махатаев.
Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1.

4 қазан. 11:00 – Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының М.Шахановтың «Танакөз» мелодрамасы. Режиссері – Ә.Бидахмет.
Өтетін орны: Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, В2.3.

15:00 – Қырғыз Республикасының Б.Кыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жас көрермен театрының Ш.Айтматовтың «Жәмила» драмасы. Режиссері – У.Карыпбаев.
Өтетін орны: Музыкалық жас көрермен театры, Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

19:00 – М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының У.Гибсон мен Х.Келлер шығармалары негізіндегі «Сотворившая чудо или что такое любовь?» музыкалық драмасы. Режиссері – Г.Балпеисова.
Өтетін орны: М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, 11.

5 қазан. 11:00 – Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының Б.Сердәлі мен Н.Мараимнің «Қатынқамал» перформансы. Режиссері – Н.Ізтаев.
Өтетін орны: Музыкалық жас көрермен театры, Ж.Омаров көшесі, 47/Б.

15:00 – Өзбекстан Республикасының Өзбекстан мемлекеттік драма театрының А.Навои шығармасы негізіндегі «Ләйлі мен Мәжнүн» драмасы. Режиссері – А.Холмуминов.
Өтетін орны: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, В2.3.

19:00 – Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының Е.Аманшаевтың «Шәкәрім» музыкалық драмасы. Режиссері – А.Маемиров.
Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1.

6 қазан. 11:00 – Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театрының Абайдың қара сөздері негізіндегі «Абай-ЛА» перформансы. Режиссері – С.Сәрсен.
Өтетін орны: «BIART» креативті индустрия мектебі, Сығанақ көшесі, 17/41.

15:00 – Атырау облыстық Жастар театрының М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» хорео-драмасы. Режиссері – Д.Жұмабай.
Өтетін орны: М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, 11.

19:00 – Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» музыкалық драмасы. Режиссері – Г.Балпеисова.
Өтетін орны: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, В2.3.

7 қазан. 10:00 – «Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасы: қазіргі театр өнеріндегі сабақтастық пен жаңашылдық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
Өтетін орны: К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Ә.Тарази атындағы конференц-залы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.

17:00 – «ТЕАТР ALL» IV халықаралық театр фестивалінің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
Өтетін орны: К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен залы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.

19:00 – Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған «Қазақтың Қыз Жібегі» шығармашылық кеші.
Өтетін орны: К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен залы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.

Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Іс-шара аясында әр елдің театр ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, театр өнеріндегі заманауи бағыттар мен шығармашылық ізденістерді таныстырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025-2026 жылдардағы театр маусымында ел театрларына 2,8 миллионнан астам көрермен барғанын жаздық.