Димаш Құдайберген әлемдік турының трейлерін жариялады

Бүгін, 08:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Димаш Құдайберген әлемдік турының трейлерін жариялады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS турының трейлерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол 2026 жылы Еуропа турнесімен қатар жаңа әлемдік DiMENSIONS турнесімен өнер көрсетеді.

Турдың алғашқы концерті 18 қазанда Польшадағы Краков қаласында өтеді.