Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.