Қазақстан-Қытай шекарасында 1-3 қазанда көлік өткізу тоқтатылады

Қазақстан-Қытай шекарасында 1-3 қазанда көлік өткізу тоқтатылады
Фото: gov.kz

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты енгізіледі. Осы кезеңде шекараның автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтар мен тасымалдаушыларға маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеуді ескеру ұсынылады.

Бұдан бұрын алғашқы жартыжылдықта Қазақстан – Қытай жүк тасымалы 9 пайызға артқаны хабарланды.