Қазақстандық ауыр атлет Азиадада күміс медаль жеңіп алды

28 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық ауыр атлет Азиадада күміс медаль жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алексей жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні еңсерді. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёль жеңіп алды – 379 (165+214) келі. Ал қытайлық Чэнь Шуньнань қола жүлдегер атанды – 374 (163+211) келі.

Еске сала кетейік, бүгін әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.