Боксшы Махмұд Сабырхан Азия ойындарында қола медальға ие болды

Бүгін, 11:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Боксшы Махмұд Сабырхан Азия ойындарында қола медальға ие болды
Фото: Арлан Олжабай/ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандық былғары қолғап шебері 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Карло Пааламмен (Филиппин) кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Филиппин өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Махмұд Сабырхан үшінші қола медальді қоржынға салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола алған еді.