Боксшы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

30 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Боксшы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алуа жартылай финалда Тхи Там Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Вьетнам боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Алуа Балқыбекова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.

Еске сала кетейік бұған дейін дзюдодан Әбиба Әбужақынова Азиаданың жартылай финалына шыққанын жаздық.