Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Германияның ЖОО ректорлары және институт жетекшілерімен кездесті.