Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін жариялады. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.
Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы ашылғаны туралы жаздық.