Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдо бәсекелері басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тукки Сенгдакимен (Лаос) белдесті. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.
Меруерттің ширек финалдағы қарсыласы өзбекстандық Сита Кадамбоева болмақ.
Еске салсақ, Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.