Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Бүгін, 10:56
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есуден қола медаль иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Таранцева әйелдер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды.

Ол дәл осындай жүлдені Ханчжоу-2022 ойындарында да алған болатын.

Жарыста жапониялық Ито К. 107,60 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 111,70 секунд көрсеткішпен Қытай өкілі Чэнь Линь иеленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық теннисші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.