Астанада жылу беру маусымы басталады

1 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада жылу беру маусымы басталады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, елордада 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымы 2 қазаннан басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Астана-Теплотранзит» АҚ-на сілтеме жасап.

​«Астана-Теплотранзит» АҚ елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау және тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын.

​Жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өткізіліп, анықталған ақаулар жойылды, жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық жүргізілді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы 1 қазанға дейін басталатыны туралы жаздық.