Астанада құтқарушылар көпір доғасына шыққан ер адамды аман алып қалды

1 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада құтқарушылар көпір доғасына шыққан ер адамды аман алып қалды
Фото: видеодан скриншот/112 ASTANA

Астананың «Сарыарқа» ауданында ер адамның «Қараөткел» көпірінің доғасына шығып, шамамен 30 метр биіктікте болғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жетті.

Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, жедел әрекет ету барысында ер адамды биіктіктен қауіпсіз жерге түсірді. Ол құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.