Есепті мерзімде көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сонымен қатар, балалар тағамына арналған ботқалардың бағасы 6,1% және құмшекердің бағасы 1,3%, арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4% төмендеді.
2026 жылғы қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция 9,3% құрады (2026 жылғы тамызда – 9,8%).
Еске салайық, бұдан бұрын елімізде базалық мөлшерлеме төмендегені туралы жаздық.