2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан 2 923 472 адам болды. Бұл ел халқының 14,2 пайызын құрайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Олардың 1 163 270-ы – ерлер, 1 760 202-сі – әйелдер.
60 жастан асқан тұрғындар саны ең көп өңірлер қатарында Алматы қаласы – 328 385 адам, Түркістан облысы – 216 544, Қарағанды облысы – 212 487, Алматы облысы – 203 499 және Астана қаласы – 171 138 адам көрсеткішімен тұр.
Жас ерекшелігі бойынша бұл санаттағы тұрғындардың 1 894 268-і қалаларда, 1 029 204-і ауылдық жерлерде тұрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі 100 жастан асқан қариялардың саны – 1 323.
Бұл ретте жасы 60-тан асқан азаматтардың арасында еңбек етуді жалғастырып жүргендер де бар. 2026 жылдың II тоқсанында олардың 465 302-сі жұмыспен қамтылған.
Ал 2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы алушылардың жалпы саны 2 415 095 адамды құрады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 60 жастан асқан халықтың үлесі өңірлер арасында да ерекшеленеді. Мәселен, 63 және одан жоғары жастағы тұрғындардың ең жоғары үлесі Алматы қаласында, сондай-ақ Қарағанды және Түркістан облыстарында тіркелген.
Бұған дейін еліміздегі ең қарт адам Шымкентте тұратынын жаздық.