Азиада-2026: астаналық гимнастшылар финалға шықты

1 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Азиада-2026: астаналық гимнастшылар финалға шықты
Фото: olympic.kz

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан біліктілік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша елордалық спортшылар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы финалға жолдама алды.

Нәтижелері:

1. Ақмарал Ерекешева – 111.350 ұпай (Қазақстан)

2. Тахмина Икромова – 106.950 ұпай (Өзбекстан)

3. Айбота Ертайқызы – 106.550 ұпай (Қазақстан).

Финалдық жарыс 3 қазанда сағат 09:00-де (Астана уақытымен) өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық теннисші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.