Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды

30 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова -48 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Митсуки Кондомен күш сынасты. Шиеленісті өткен белдесуде жапон палуаны басым түсті.

Бұл – отандасымыздың сары құрлық ойындарындағы екінші күмісі. Әбужақынова 2023 жылы Ханчжоуда күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ Әбиба – әйелдер арасында Азиаданың финалында Варвара Масягинадан (1998 жылы, Бангкокта күміс) кейін күрескен екінші отандасымыз.

Бүгін Нагояда қазақ дзюдошысы татамиде Асмита Дей (Үндістан) мен Лин Чэньхаоны (Тайпей) ұтты.

Қазір Қазақстан еншісінде Аичи-Нагоядағы ойындардың 9 алтын, 15 күміс медалі бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарының финалына шықты.