Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарының финалына шықты

30 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті.

Төрехан үш раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.

Еске салсақ, боксшы Махмұд Сабырхан Азия ойындарында қола медальға ие болды.