Референдум-2026

Қазақстанда «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» формуласы іске асырыла бастайды

Қазақстанда «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» формуласы іске асырыла бастайды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлық еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, сайлау жүйесін жетілдіру мен демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Алдағы Құрылтай сайлауы сайлау жүйесін одан әрі жетілдірудегі маңызды кезең болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» формуласы іске асырыла бастайды. Бұл – Қазақстанның саяси жүйесін дамытуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар азаматтардың сайлауға қатысуы – әрбір адамның мемлекет дамуына қосқан үлесі. Дауыс беру – конституциялық құқық қана емес, азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі. Өйткені мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі – халық.