Референдум-2026

Ірі габаритті жүк тасымалданады: Сенбі таңертең Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысы шектеледі

Ірі габаритті жүк тасымалданады: Сенбі таңертең Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысы шектеледі
Фото: freepik.com

Ірі габаритті жүкті қауіпсіз өткізу мақсатында Қорғас – Алматы бағыты бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

«8 тамыз күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі габаритті жүкті қауіпсіз өткізу мақсатында Қорғас – Алматы бағыты бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», делінген хабарламада.

Осы уақыт аралығында жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауды және полицияның заңды талаптарын сақтауды сұрайды.

Еске сала кетсек, Астанада Алаш тасжолында көлік қозғалысы үш аптаға шектеледі.