Астанада Алаш тасжолында көлік қозғалысы 20 күнге ішінара шектеледі
Елордадағы Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмыстары басталды. Осыған байланысты 5-25 тамыз аралығында жолдың 400 метрлік учаскесінде көлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде автокөліктердің қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Көлік министрлігі жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды.