Астанада жүлде қоры 45 млн теңге болатын халықаралық қымыз фестивалі өтеді

Астанада жүлде қоры 45 млн теңге болатын халықаралық қымыз фестивалі өтеді
Фото: Сұлтан Сейіт

«Қазанат» ипподромында 11-12 шілде күндері ұлттық сусын – қымызға арналған ауқымды фестиваль өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Фестиваль қонақтарын қымыздың ең үздік түрлерінің дәмін тату, асыл тұқымды жылқылар көрмесі, ұлттық ойындар, көкпар және бәйге жарыстары, сондай-ақ қазақстандық танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Іс-шараның басты оқиғасы – жүлде қоры 45 миллион теңге болатын халықаралық қымыз байқауы. Байқауда ең үздік қымыз өндірушілері анықталып, бас жүлде иесіне автокөлік табысталады.