Астанада Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралық уақытша жабылады

Бүгін, 15:08
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралық уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты 16 мамыр сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ретте қозғалыс жолдың бір бағыты бойынша ашық болады.

Хабарламада жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеттігі ескертілген. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.