Астанада өрт сөндірушілер екі мысықты құтқарды

Бүгін, 17:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада өрт сөндірушілер екі мысықты құтқарды
Фото: ТЖМ

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде екі мысық құтқарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Алматы ауданындағы Қажымұқан көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде болған. Өрт тоғызыншы қабаттағы пәтердің балконында шығып, үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар 5 шаршы метр аумақта жанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тоғызыншы қабаттың балконы мен подъезді түтінге оранған. Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, өрт сөндіру жұмыстары барысында екі мысықты қауіпсіз жерге шығарды.

Сондай-ақ тұрғын үйден 30 адам, оның ішінде 10 бала өздігінен эвакуацияланған.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.