Астана – Санкт-Петербург бағыты бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады

Бүгін, 11:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана – Санкт-Петербург бағыты бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады
Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Тұрақты рейстер 3 маусымнан басталады. Ұшулар «эконом» және «бизнес» кластарымен жабдықталған Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы маусымда рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады: Астанадан – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астана – Үрімжі рейсі қайта жанданғаны туралы жаздық.