Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды
21 мамыр, 2025


фото: freepik.com
Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- қораларды бекітіп, малды қараусыз қалдырмау керек;
- асыл тұқымды малды бақылауға алу мақсатында заманауи тәсілдерді кеңінен қолдану қажет;
- малды үнемі есепке алып отыру, чиптеу, сырғалау және ен салу керек.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады