Шымкентте полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды
30 қаңтар, 2025


фото: polisia.kz
ТикТок-та полицейдің формасын киіп, тікелей эфирге шыққан әлеуметтік желі қолданушысы айыппұл арқалады, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен қызды анықтаған.
«Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленді», - делінген хабарламада.
Полиция айырым белгілері бар әскери киім, сондай-ақ нысанды және арнаулы киімді заңсыз киіп жүру құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады