«Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталды
31 қаңтар, 2025


Фото: Freepik.com
Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлердің фронт-офисімен бірлесе отырып «Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бастама әлеуметтік желілерде мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуды көздейді.
Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілетуге бағытталған.
Қатысушылар #ИгіІспенБөліс #ПоделисьДобром хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін немесе видеоларын бөлісуі қажет.
Флешмоб шарттары жайлы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады