Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды
3 ақпан, 2025


фото: Freepik
Алматы облысында сенімгерлік басқарушылыққа берілген 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы аталған нысандарда белгіленген талаптарды сақтамағанын анықтады. Атап айтқанда, 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелер ескерілмеген, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізілмеген.
«Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін. Қабылданған шаралардың арқасында 8 шарт бұзылды, құны 20 млрд теңгеден асатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады