Жұмыссыз азаматтарға уақытша жұмысқа орналасу туралы SMS хабарлама жіберіледі
25 мамыр, 2025


Фото: Elordainfo.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.
Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:51
Қостанай облысында қайтарылған активтер ауылдарды сумен қамтамасыз етуге бағытталды

Бүгін, 14:31
Мүгедектікті белгілеу бойынша 62 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады