Елордалық таеквондошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде ел намысын Астана қаласының 5 спортшысы қорғады. Соның ішінде бір спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Аятжан Әмірханов финалдық бәсекеде ирандық спортшы Парша Хоушиарға жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан (WT) әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:35
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:42
Елордалық команда VI жазғы жастар спорт ойындарында күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 09:28
Астаналық әскери қызметші 600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, рекорд орнатты

30 қыркүйек, 2025
Елордада сәнқой әжелер арасында этнофестиваль өтті