Әкім астаналықтар тарапынан түсетін арыз-шағымдарды атады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әкім астаналықтар тарапынан түсетін арыз-шағымдарды атады
Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business арнасының «Exclusive» бағдарламасына берген сұхбатында елордалықтар тарапынан түсетін басты арыз-шағымдарды  атады, деп хабарлады Elorda.info.

Қалада қазір 47 мың отбасы үй кезегінде тұр. Бұл – тұрғын үй мәселесі. Көпбалалы 17 мың отбасы кезекте тұр. 

Екінші мәселе -  құрылыстары тұрып қалған үлескерлер. Кезінде олардың саны 16 мың болған. Қазір олардың саны  - 4 мың. Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін бұл мәселені  шешу керекпіз. Желтоқсан айына пәтер кілттерін береміз. 

 

Үшінші – коммунальдық қызмет. Олардың ішінде жылу , су газ мәселесі бар. «Үркер», «Кирпирчный», «Пригородная» , «Көктал-1», «Көктал-2» секілді басқа да шағын аудандарда да көптеген мәселе бар. Мәселен, инфрақұрылым, кәрізбен жабдықтау. Сондай-ақ бесіншісі бұл әлеуметтік инфрақұрылым, - деді қала әкімі.