Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Бүгін, 15:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен

24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекеме өзіне ынталандыру шараларын қолданбағаны үшін сотқа шағымданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды.

«Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады.

Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. Ол ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.