Бектенов бірқатар жоба құны мен шығындардың өсуіне жол бермеуді тапсырды

Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.
Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Республика бойынша 400 жол белгіcі қажет – Ішкі істер министрінің орынбасары

15 қыркүйек, 2025
Жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр

15 қыркүйек, 2025
Жылу беру маусымын уақтылы бастау қажет – Олжас Бектенов

15 қыркүйек, 2025
Автожолдарда орташа жылдамдықты бақылауды кеңейту жоспарланып жатыр