Былтыр Қытайдан елімізге 655 мың турист келген

Фото: ortcom.kz
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.
«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», - деді Н.Кәріпбаев ОКҚ баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады