«10 метр жерге ұшып кеткен»: Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: otyrar.kz
Шымкентте жол апаты болып, жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
«6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде жол апаты болды. Mercedes-Benz жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен», - делінген хабарламада.
Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жеткен. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік бұдан бұрын Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Елордада есірткі таратумен айналысқан әйел ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Петропавлда 8 млн теңгені жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылары сотталды

17 қыркүйек, 2025
Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді