00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадан 60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

24 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадан 60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Көктемнің жылы күндерінің басталуымен елорданың коммуналдық қызметі қаланы санитарлық тазалауға кірісті, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады.

Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.

Бүгінгі таңда елорданың бес ауданында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жұмысшы жұмылдырылды.

Акцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты.

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.