Елордада жыл соңына дейін 12 мың үй газға қосылады – Жеңіс Қасымбек

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жыл соңына дейін 12 мың үй газға қосылады – Жеңіс Қасымбек
Фото: ашық дереккөзден

Астанада жыл соңына дейін 12 мың үй газға қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business арнасының «Exclusive» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ең басты шара  бұл -  газға өту. Қалада жыл соңына дейін 12 мың жекеменшік үйге газ тарту жоспарда тұр. Ал қазіргі кезде солардың 8 мың газға қосылған. Алдағы  3-4 жылдың ішінде 15-20 мың үй газга қосылады, - деді қала әкімі.