00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада жыл басынан бері 400-ден астам қоқыс орны жойылды

Елордада жыл басынан бері 400-ден астам қоқыс орны жойылды
фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада стихиялық қоқыс орындарымен жүйелі күрес жүріп жатыр. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 415 орны анықталды. Олардан 200 мың тонна қоқыс полигондарға шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шаһардың барлық аумағында рұқсат етілмеген үйінділердің болуына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Тәртіп бұзушылардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Алматы және Сарайшық аудандарында анықталған 115 учаскенің барлығы жойылып, 58,5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (8 мыңға жуық рейс). Байқоңыр ауданында 67 учаске жойылып, одан 10 мың тонна қоқыс шығарылды. Есіл ауданында 55 қоқыс орны жойылып, 35 мың тоннадан астам қоқыс полигонға жөнелтілд, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында 43 стихиялық қоқыс орны тазартылып, 37 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Нұра ауданынан жойылған 135 орыннан 40 мың тонна қоқыс шығарылды.

Ikomek арқылы құрылыс алаңдарынан шығару және рұқсат етілмеген орындарға қалдықтарды түсіру фактілері анықталып, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтер жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері рұқсат етілмеген орындарға қоқыс шығарғаны үшін 400-ге жуық жүк көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 20 мыңнан астам құқық бұзушыға 58 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша 15 мыңға жуық құқық бұзушы жазаланып, 273 млн теңге айыппұл салынды.

Заңсыз қоқыстарды жою жұмыстары жалғасуда. Бұл жаңа ошақтардың пайда болуының алдын алу үшін де маңызды.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы өтіп жатыр.