Елордадағы тұрғын алаптарда мерекелік концерттер өтеді


Астана күніне орай 6 шілде күні елордадағы барлық алты ауданның тұрғын алаптарында шығармашылық ұжымдар мен танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астанада қала күні әрдайым кең көлемде аталып өтеді, бұл қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл-күйді сезінуіне мүмкіндік береді. Осы күнгі игі дәстүрдің бірі – елорданың барлық алты ауданындағы тұрғын алаптарда концерттер өткізу. Бұл дәстүр биыл да жалғасын таппақ.
Іс-шара барысында қала әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Күндізгі концерттер сағат 11:00 және 14:00-де басталады. Олар мына орындарда өтеді:
• «Алматы» ауданы – «Теміржолшылар» тұрғын алабында (11:00), «Жерұйық» саябағында (14:00);
• «Байқоңыр» ауданы – «Өндіріс», «Қазқалашық», «Кирпичный» тұрғын алаптарында (14:00);
• «Нұра» ауданы – «Айғыржал» (11:00) және «Жағалау» (14:00) алаңдарында;
• «Сарайшық» ауданы – «Промышленный», «Интернациональный», «Отау» тұрғын алаптарында (11:00);
• «Сарыарқа» ауданы – «Көктал» саябағында, «Қорғалжын» гүлзарында (11:00), Қалалық алаңда (14:00).



