Елордада Спорт күніне орай отырып ойнайтын волейболдан турнир өтті

фото: Астана қаласы әкімдігі
Қазақстанда биыл Спорт күні 17 тамызға сәйкес келді. Осыған орай елорданың Паралимпиадалық жаттығу орталығында отырып ойнайтын волейболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа ардагерлер, әйелдер және ерлер қатысты. Турнир достық кездесу форматында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдармен марапатталады.
Іс-шараның мақсаты – спорттың әр адамға қолжетімді екенін көрсету және белсенді өмір салты түрлі ерекшеліктері бар адамдардың да қоғамның толыққанды бөлігі болуына ықпал ететінін дәлелдеу.
Айта кетейік, мерекеге орай елордалық спортшылар қазақстандықтарды жылы лебіздерімен құттықтап, спорттағы жетістік жолдарымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Астанада қалаға кіретін көліктер тексеріліп жатыр (ВИДЕО)

2 қазан, 2025
Астанада жыл сайын 200 мың адамға әлеуметтік көмек беріледі

2 қазан, 2025
Астанада Махатма Гандидің 156 жылдығы аталып өтті

2 қазан, 2025
«Табиғатты сақта – затқа жан бер»: елордалық мектепте шеберлік көрмесі ұйымдастырылды