Елордада Халықаралық йога күніне орай ашық жаттығу өтеді

фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні аталып өтеді. Мереке Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, іс-шара таңғы сағат 6:00-де басталады. Қала тұрғындары мен қонақтарының барлығы қатыса алады.
Мерекелік бағдарламада Үндістаннан келген тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге жаттығу, сондай-ақ қатысушыларға арналған сыйлықтар мен сертификаттар қарастырылған.
Әр қатысушы өзімен бірге йогаға арналған төсеніш және бас киім ала келуі қажет.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астанадағы Үнді мәдени орталығы және Yoga Family Astana. Ол Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Қосымша ақпарат @iccr_astana Instagram парақшасында қолжетімді.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Астанада қалаға кіретін көліктер тексеріліп жатыр (ВИДЕО)

2 қазан, 2025
Астанада жыл сайын 200 мың адамға әлеуметтік көмек беріледі

2 қазан, 2025
Астанада Махатма Гандидің 156 жылдығы аталып өтті

2 қазан, 2025
«Табиғатты сақта – затқа жан бер»: елордалық мектепте шеберлік көрмесі ұйымдастырылды