Елордада «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы басталды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде аттракциондардың қауіпсіздігі және пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығы, Астана қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектордың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылдың 20 желтоқсанында елордада «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы басталды. Акцияның негізгі тұжырымдамасы - мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ережелер мен талаптарды сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. 25 желтоқсанда Полиция департаментімен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық бұйымдарды өткізу және сақтау объектілерін тексеру бойынша «Пиротехника -2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында 25 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін полиция қызметкерлері мен құтқарушылар бірлесіп, сауда орындарында рұқсат құжаттарынсыз, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық сауда фактілерін анықтауға және болдырмауға бағытталған жыл сайынғы «Пиротехника-2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.
«Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында елорда тұрғындары арасында сауда орындарында лық толы пиротехникалық бұйымдар үлкен сұранысқа ие болады. Мерекелік көңіл-күйдегі адамдар қауіпті отшашуларды және петардалар мен басқа да заттарды сатып алу кезінде қарапайым өрт сөндіру ережелерін ұмытады. Белгілі болғандай, аталған өнімді пайдалану, сақтау және сату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін»,- дейді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығы Мадияр Мурзагельдиев.
Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ұсынады. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу қажет.