00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қар тазалау жұмыстарына 1500 бірлік арнайы техника жұмылдырылады

14 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қар тазалау жұмыстарына 1500 бірлік арнайы техника жұмылдырылады
фото: www.gov.kz

Түнгі ауысымда 14-15 ақпан аралығында қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1500 бірлік арнайы техника мен 300-ге жуық жұмысшысы жұмылдырылады.

14 ақпан күні елорда көшелерінен 49 мың текше метр, яғни 3,5 мыңнан астам ауыр жүк көлікке тең қар шығарылды.

Айта кетейік, қыс басынан бері қала сыртындағы қар полигондарына 335 мыңнан астам рейс, 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда Астанада қар жауып, боран болады деп күтілуде.

Солтүстік-шығыс жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.