03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты

|
Photo: Фото:Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты

|
Photo: Фото:Астана қаласы әкімдігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлады Elordainfo.kz  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

«Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗