00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бір түнде Астанадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды

12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бір түнде Астанадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды
фото: www.gov.kz

Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,5 мыңнан астам арнайы техника және 2,4 мыңнан астам жұмысшысы шықты.

10 ақпаннан 11 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері қар полигондарына 315 мың рейс, шамамен 4,3 миллион текше метр қар шығарды.