Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарланып отыр

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарланып отыр
ОҚК

Бұл туралы академик Н. Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Біз Өңірлік травматологиялық орталықтар құру тұжырымдамасын ұсындық. Еліміздің географиялық ерекшеліктерін, шалғайлығын, халықтың әртүрлі тығыздығын ескерсек, бұл өте өзекті мәселе. Осылайша, елімізде бірінші кезеңде ірі медициналық жоғары оқу орындарына негізделген бірнеше өңірлік травматологиялық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз - Ақтөбе, Семей, Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларында. Оларға жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлау және бейіндік қызметтерді үйлестіру тұрғысынан өкілеттіктер беріледі. Бұған бөлімшелерді ірілендіру, кадрлық база құру арқылы қол жеткізіледі.
Қазіргі кезде пилоттық жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз – Балқаш қаласында өңірлік травматологиялық орталық құрылуда, өйткені қала ірі республикалық жолдардың айрығында орналасқан және облыс орталықтарынан өте алыс орналасқан», - деді спикер.