Астаналық тұрғын аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды

Фото: Оңалхан Өнерхан
102 арнасына белгісіз ер адамның Ақжол даңғылында орналасқан аялдамаға зақым келтіргені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша ер адам 15 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы еске салады.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі жөнінде 60 рейд өткізілді

20 қазан, 2025
Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

20 қазан, 2025
Елордада Astana Art Fair 2025 заманауи өнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

20 қазан, 2025
Жеңіс Қасымбек «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі